Select Page

ALT University-де студенттердің университеттік ортаға белсенді араласуына, қызығушылықтарын дамытуына және шығармашылық әрі кәсіби әлеуетін ашуына бағытталған Student Club Fair 2026 жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара барысында студенттер университет жанындағы клубтардың қызметімен танысып, олардың негізгі бағыттары, жобалары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат алды. Жәрмеңке студенттерге өз қызығушылықтарына сәйкес клубты таңдап, жаңа орта қалыптастыруға және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік берді.

Student Club Fair 2026 аясында студенттер жаңа таныстықтар орнатып, өзара тәжірибе алмасты және сабақтан тыс уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретін бағыттармен танысты.

Осындай бастамалар студенттердің көшбасшылық, командалық жұмыс, шығармашылық және ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

ALT University студенттік бастамаларды қолдап, жастардың жан—жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруды жалғастырады.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия