Select Page

ALT University-де «Студенттерді қабылдау кеші – 2026» аясында өткен пираттық жәрмеңке студенттердің шығармашылығы мен тапқырлығын танытатын алаңға айналды.

Жәрмеңкеде студенттер өз қолдарымен дайындаған бұйымдары мен өнімдерін ұсынып, оларды сатылымға шығарды. Қатысушылар сауда орындарын пираттық тақырыпқа сай безендіріп, әр топ өз өнімдерін таныстырудың өзіндік тәсілдерін қолданды.

Жәрмеңке студенттердің шығармашылық идеяларын жүзеге асыруына, өз еңбегінің нәтижесін көрсетуіне және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуына жағдай жасады. Сонымен қатар қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, командалық жұмыс дағдыларын шыңдады.

Іс-шара студенттердің бастамашылдығын қолдап, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия