Select Page

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты — «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты аясында ALT University-де студенттерді қабылдау кешінің алғашқы кезеңі — спартакиада ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және командалық бірлікті нығайту.

Спартакиадаға төрт команда қатысып, алты спорттық сайыста өзара бақ сынасты. Қатысушылар ептілік, жылдамдық, төзімділік пен күш-қуатын көрсетіп, командалық жұмыс дағдыларын шыңдады. Жарыс қорытындысы бойынша әр команда келесі кезеңдерде есепке алынатын ұпайларға ие болды.

Спартакиада студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өзара достық қарым-қатынас орнатуына, көшбасшылық қасиеттерін дамытуына және ортақ мақсатқа жету жолында бірлесе әрекет етуіне мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара жастардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және университетте қолайлы студенттік орта құруға бағытталған бастамалардың бірі болды.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия