Select Page

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім» бағыты аясында 11 қазанда ALT University-де «Студенттерді қабылдау кеші – 2026» екінші кезеңі — IQ Quest интеллектуалды сайысы өтті. Іс-шараны ALT University Студенттік үкіметі мен Жетісу ауданының Комьюнити орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Сайысқа қатысқан командалар сегіз кезең бойынша бақ сынап, білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында жылдам шешім қабылдап, өзара үйлесімді әрекет етті.

IQ Quest студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытуға, сыни ойлау қабілетін жетілдіруге және білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, сайыс командалық бірлікті нығайтып, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия