ALT University-де студенттерді біріктіруге, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және командалық рухты қалыптастыруға бағытталған «Студенттерді қабылдау кеші – 2026» іс-шарасының таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында студенттер тақырыпқа сай төрт командаға бөлініп, әр топ өз атауы мен ерекше образын таныстырды. Командалар «Қара інжу» (Черная жемчужина), «Ұшқыр голландец» (Летучий голландец), «Корольдік флот» (Королевский флот) және «Теңіз мыстаны» (Морская ведьма) бағыттары бойынша жасақталды.
Таныстырылым барысында «Студенттерді қабылдау кеші – 2026» бағдарламасының негізгі кезеңдері, командалар арасында өтетін шығармашылық сайыстар мен алдағы тапсырмалар таныстырылды. Әр кезең студенттердің тапқырлығын, шығармашылық қабілетін, сахна мәдениетін және командалық бірлігін көрсетуге бағытталған.
Командалар өзара танысып, ортақ мақсат жолында біріккен жаңа достық пен бәсекелестік рухын қалыптастырды. Алдағы кезеңдерде студенттер өз командаларының ерекшелігін ашып, шығармашылық қабілеттерін ортаға салатын болады.
Автор: Қадырбек Айзада


