2026 жылғы 4 қазанда ALT University базасында UniDem оқу орталығының оқушылары үшін байқау ҰБТ-сы өтті.
Тестілеу шынайы емтиханға барынша жақындатылған жағдайда ұйымдастырылды. Қатысушылар өз дайындық деңгейін тексеріп, негізгі пәндер бойынша білімін бағалай алды және алдағы емтихан науқанында қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды айқындады.
Байқау ҰБТ-сын ұйымдастыру мен өткізуге проктор ретінде қатысқан ALT University-дің ALTeam үгіт-насихат тобы жауапты болды. Мамандар тестілеудің өтуін қамтамасыз етіп, оқушыларды емтихан процесін ұйымдастыру тәртібімен таныстырды.
Тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін ALT University таныстырылымы өткізілді. Оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, дайындық бағыттары, оқуға түсу ережелері, мемлекеттік гранттар мен жеңілдіктер алу мүмкіндіктері, сондай-ақ ALT University-де білім алудың артықшылықтары туралы айтылды.
Университеттің инженерлік, көліктік, логистикалық, IT және басқа да білім беру бағдарламалары шеңберінде ұсынатын практикaлық дайындығы мен студенттердің кәсіби даму мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
ALT University базасында байқау ҰБТ-сын өткізу UniDem оқушылары үшін алдағы емтиханға дайындығын бағалауға ғана емес, сонымен бірге одан әрі білім алу нұсқалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға және болашақ кәсіби траекторияны құру үшін қолайлы бағытты таңдауға мүмкіндік берді.
Автор: Алия Ерлан


