Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында ALT Университетінде «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында азаматтық жауапкершілікті нығайту.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың салдары, интернет-алаяқтық, буллинг және өзге де өзекті құқықтық мәселелер бойынша маңызды ақпарат берді.
Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Кездесу барысында заң талаптарын білу ғана емес, оларды күнделікті өмірде сақтау әрбір азаматтың міндеті екені атап өтілді.
Аталған іс-шара ЦУР 16 аясында бейбітшілік пен әділдікті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Заңға құрмет – қоғамға құрмет!
Автор: Қадырбек Айзада


