2026 жылғы 2 қарашада ALT University-де Студенттік үкімет мүшелері, студенттік ұйымдардың жетекшілері мен белсенді студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар мен стратегиялық міндеттер кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру мен ғылымды жетілдіру, жастардың әлеуетін арттыру және олардың қоғамдық өмірдегі рөлін нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген бастамалардың маңыздылығын талқылап, олардың жастар үшін өзектілігі жөнінде пікір алмасты. Студенттерге елдің дамуына үлес қосу, азаматтық жауапкершілікті сезіну және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу қажеттігі атап өтілді.
Кездесу жастардың елдегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден хабардар болуына, азаматтық ұстанымын қалыптастыруына және мемлекеттік бастамаларды қолдауға бағытталған.
Автор: Қадырбек Айзада


