2025 жылдың қазаны айында ALT University делегациясы Академиялық бөлім проректоры Әбдірешов Шәмшіл Асқарұлы және технологиялық парк директоры Кәлменов Ермұхамед Тынысбекұлы Қытай Халық Республикасына, Нинбо политехникалық университетіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) мемлекетаралық бағдарламасы аясында ұйымға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту тақырыбындағы оқу курсына қатысу мақсатында өткізілді. Сапар барысында ALT University мен Нинбо политехникалық университеті арасында болашақ академиялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізін қалайтын түсіну туралы меморандумға қол қойылды.
Қарқынды білім беру бағдарламасы аясында ALT University өкілдері Қазақстан, Беларусь, Түрікменстан, Армения және Тәжікстан елдерінің әріптестерімен бірге жоғары білім мен өндірісті-ғылыми интеграцияның заманауи аспектілерін зерттеді:
- Қытай және оның білім беру жүйесі жайлы жалпы мәліметтер.
- Оқытудың тиімді үлгілері және педагогикалық тәсілдер.
- Лу Бань мәдениетінің заманауи кәсіби құндылықтарды қалыптастыруға әсері.
- Білім мен өндірісті біріктіру контекстінде университет-кәсіпкерлік ынтымақтастықтың инновациялық үлгілері.
- «Қытай тілі + кәсіби дағдылар» моделі бойынша курстарды жобалау әдістемесі.
- Қытай тілінің қарқынды курсы.
Оқу курсын сәтті аяқтағаны үшін Әбдірешов Ш.А. және Кәлменов Е.Т.-ға қабылдаушы тараптың мемлекеттік визаларымен расталған сертификаттар тапсырылды.
Бұл сапар ALT University-дің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау бағытында маңызды қадам болып табылады және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларды іске асыру үшін жаңа перспективалар ашады.


