Select Page

02.04.2026 ж. 1-курс студенттерімен Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер ұлттық және әлемдік өнер туындыларымен танысып, суретшілердің шығармашылық еңбектері мен мәдени мұралардың маңыздылығы туралы мол мағлұмат алды. Музейдегі көркем туындылар студенттердің эстетикалық талғамын арттырып, өнерге деген қызығушылығын оятты.

06.04.2026 ж. 2-курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер еліміздің тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын айқындайтын құнды жәдігерлермен танысты. Музей қорындағы тарихи экспонаттар мен тың мәліметтер студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық мұраға деген құрметін арттырды.

Skip to content
Приемная комиссия