Select Page

2026 жылғы 16 сәуірде ALT University өкілдері — Басқарма төрағасы – Ректор Меруерт Жармағамбетова және Корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Андрей Иванов — «Отандастар» қорының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қор 2026 жылғы 25–26 наурызда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында өткен «Қазақстанның білім беру күндері» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін ALT University қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді.

ALT University-дің халықаралық білім беру көрмелеріне қатысуы Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндіктерін ілгерілетуде, шетелдік талапкерлерді тартуда және шетелдік серіктестермен академиялық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Келіссөздер барысында тараптар бірлескен білім беру, ғылыми және мәдени жобаларды іске асыру перспективаларын талқылап, алдағы уақытта Өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді.

Бұл келісім стратегиялық ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңіне айналады және халықаралық білім беру кеңістігінде бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

ALT University алдағы уақытта да халықаралық көрмелерге белсенді қатысуға, серіктестік желісін кеңейтуге және студенттер мен талапкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ниетті.

Skip to content
Приемная комиссия