Select Page

2026 жылғы 30–31 қазанда AlmaU университетінде «Болашақ университеті – тұтас тұлғаны қалыптастыру ортасы: Ұлы дала мұрасы және заманауи шешімдер» тақырыбында TOLYQ ADAM-2026 халықаралық конференциясы өтті.

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» және №17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттары аясында ALT University өкілдері халықаралық конференцияға қатысып, жоғары білім беруді дамыту және заманауи білім беру модельдерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары бас қосқан конференцияда Абайдың философиялық мұрасы, «Толық адам» тұжырымдамасы, жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру және тұлғаны жан-жақты дамыту мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ қатысушылар халықаралық тәжірибемен алмасып, ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру жүйесімен ұштастырудың өзекті бағыттарын талқылады.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия