2026 жылғы 31 қазанда ALT University базасында Алматы қаласы колледждерінің дарынды әрі бастамашыл студент қыздарының басын қосқан Ideathon by QYZfond қалалық бизнес-кейстер конкурсының Гранд-финалы өтті.
Іс-шараның ALT University базасында өтуі университеттің білім беру ұйымдарымен және бизнес өкілдерімен серіктестігін дамытудың маңызды бөлігіне айналды. Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-дің 95 жылдығы атап өтілетін жылы бұл оқиға сапалы білім беру дәстүрлерінің сабақтастығын, инновацияларға ашықтықты және университеттің жас ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ұмтылысын айшықтай түсті.
Іс-шара аясында колледж студенттері үшін ALT University кампусы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Кампус-турға Алматы қаласының төмендегідей оқу орындарының білім алушылары қатысты:
-
Алматы политехникалық колледжі;
-
Халықаралық бизнес академиясы (IAB);
-
Алматы мемлекеттік бизнес-колледжі;
-
«Әділет» колледжі;
-
Management Engineering Technology and Agriculture College (METAC);
-
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі;
-
Каспий қоғамдық университетінің колледжі;
-
Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі;
-
ҚазҰТЗУ (КазГАСА) колледжі;
-
Алматы технологиялық колледжі және Алматы қаласының басқа да колледждері.
Экскурсия барысында қатысушылар университеттің заманауи инфрақұрылымымен, оқу корпустарымен және білім беру кеңістіктерімен танысып, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, оқуды әрі қарай жалғастыру мүмкіндіктері мен ALT University-ге түсу шарттары туралы білді. Ерекше назар жоғары білім алу перспективаларына, кәсіби дамуға және табысты карьера құру мүмкіндіктеріне аударылды.
Іс-шара сонымен бірге ALT University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыруға қосқан үлесін көрсетеді:
-
ТДМ 4 — Сапалы білім беру: жастардың сапалы білімге және жаңа кәсіби даму мүмкіндіктеріне қолжетімділігін кеңейту.
-
ТДМ 5 — Гендерлік теңдік: әйелдер көшбасшылығын, бастамашылдығын және кәсіпкерлігін қолдау.
-
ТДМ 8 — Уағдалы жұмыс және экономикалық өсу: кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және сұранысқа ие мамандарды даярлау.
-
ТДМ 17 — Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік: университет, колледждер, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
ALT University кәсіптік бағдарлау қызметін белсенді дамытуды, колледждермен серіктестік байланыстарды нығайтуды және жастардың кәсіби қалыптасуы үшін жағдай жасауды жалғастыруда.
95 жылдық білім беру дәстүрлері — болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер!
Автор: Нышанбекова Қ. Қ.


