2026 жылғы 17 қарашада М. Тынышпаев атындағы ALT University-де Қытай Халық Республикасының Хэбэй көлік кәсіптік-техникалық колледжі делегациясымен кездесу өтті.
Іс-шараға екі білім беру ұйымының басшылығы мен өкілдері, сондай-ақ индустриялық серіктестер – «Хундэ Цичуан (Бейжің) Технологиялар» ЖШҚ және «YTO Express» АҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар кәсіптік білім беру, білікті мамандар даярлау, практикалық оқытуды дамыту, тәжірибе алмасу және көлік-логистика саласындағы кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі ALT University мен Хэбэй көлік кәсіптік-техникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Құжат ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған.
Сонымен қатар халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға, кәсіби құзыреттермен алмасуға және техникалық мамандарды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Ли Чунь» шеберханасының техникалық ашылуы өтті.
Сапар аясында Қытай делегациясы ALT University инфрақұрылымымен және университеттің заманауи зертханаларымен, оның ішінде «Смарт-логистика» зертханасымен танысты.
Кездесу халықаралық әріптестікті нығайтуға, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға және сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
ALT University білім, ғылым және индустрияны біріктіре отырып, халықаралық байланыстарын кеңейтуді жалғастыруда.
Автор: Абдикаликова Л. Б.


