Select Page

ALT University-ге «Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Бұхарбаев Ербол Нұрсайынұлы танысу сапарымен келді.

Кездесу барысында қонақ университеттің білім беру, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымымен танысты. Логистика және көлік үдерістерін басқару саласындағы заманауи оқу-зертханалық базаға ерекше назар аударылды.

Е.Н. Бұхарбаевқа JD.com (Jing Dong) халықаралық компаниясы мен Үрімші кәсіптік университетінің қолдауымен құрылған «Smart Логистика» логистикалық хабы таныстырылды. Орталық тауарларды қабылдау мен өңдеу, қорларды басқару, автоматтандырылған тасымалдау, тапсырыстарды сұрыптау және жинақтау секілді қойма және тарату логистикасының негізгі үдерістерін модельдеуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық және роботтандырылған жүйелермен жабдықталған.

Зертханада AGV роботтары, электрондық таңбалау жүйелері, конвейерлік жабдықтар, сондай-ақ қойма мен көлікті басқаруға арналған WMS және TMS жүйелері қолданылады. Орталықтың мүмкіндіктері интеллектуалды логистика, қойма үдерістерін автоматтандыру және электрондық коммерция салаларында зерттеулер жүргізуге жағдай жасайды.

Экскурсия аясында «Сұрыптау станциясы» және «Көлік қозғалысын жедел басқару және логистика» оқу зертханалары да таныстырылды. Қонақ олардың техникалық жабдықталуымен, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастыру, көлік ағындарын басқару және логистикалық инфрақұрылым жұмысын модельдеу мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу барысында тараптар ALT University мен Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады. Ықтимал бағыттардың қатарында бірлескен сараптамалық және зерттеу бастамаларын іске асыру, көлік пен логистика саласындағы цифрлық шешімдерді дамыту, салалық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу бар.

Сапар университеттің кәсіби және салалық қоғамдастықпен байланысын нығайту жолындағы маңызды қадам болып, логистика, цифрландыру және инновациялық даму салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін айқындады.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия