Select Page

2026 жылғы 13 наурызда Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT University-де University of Arizona өкілі – білім беру серіктестіктері жөніндегі аға директор Рикки Салазармен (Ricky Salazar) жұмыс кездесуі өтті. Сапар барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, академиялық алмасуды дамыту және бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

University of Arizona бүкіл әлем бойынша университеттермен және ұйымдармен халықаралық білім беру маршруттарын, зерттеу және серіктестік жобаларын құра отырып, жаһандық өзара іс-қимылды белсенді дамытуда. Бұл жұмыстың негізінде әрбір студенттің табысын қолдау, болашақты қалыптастыратын зерттеулерді дамыту және кәсіби әрі академиялық қауымдастықтармен байланысты нығайту жатыр.

Рикки Салазар өз лауазымында Орталық және Оңтүстік Азиядағы мемлекеттік мекемелермен, жеке ұйымдармен және университеттермен халықаралық серіктестікті дамыту мен басқаруды үйлестіреді. Оның қызметіне Үндістан мен Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған микрокампус жобаларын үйлестіру, сондай-ақ өңірдегі жаңа стратегиялық бастамаларды әзірлеу кіреді.

Сапар аясында қонақ үшін кампус-тур ұйымдастырылды. Оған Басқарма төрағасы – Ректор Меруерт Жармағамбетова және жоғары оқу орнының басшылығы қатысты. Мейманға заманауи оқу аудиториялары, мамандандырылған зертханалар және кампустың жаңартылған инфрақұрылымы таныстырылды.

University of Arizona өкілі ALT University-дің негізгі даму бағыттарымен, соның ішінде білім беру ортасын цифрландыру, ғылыми-зерттеу қызметі және сұранысқа ие инженерлік-техникалық мамандарды даярлау барысымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық білім беру бағдарламаларын дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру бойынша болашақ жоспарларды талқылады.

Skip to content
Приемная комиссия