Select Page

2025 жылғы 20 маусымда Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Бурибаев Жолдас Алладинович пен Энергетика және цифрлық технологиялар институтының Директоры Тойгожинова Айнур Жумакановна Гуанчжоу қаласымен туыстас қалаларының халықаралық жоғары кәсіби білім беру альянсы (Alliance of Guangzhou International Sister-City Higher Vocational Education) аясында оқу орындары басшыларына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара Қытай Халық Республикасының Гуанчжоу қаласында өтті және «Кәсіби білім: дағдыларды дамыту мен әлеуметтік прогресті үйлестіру» тақырыбына арналды.

Іс-шараны Альянсқа төрағалық ететін Гуанчжоу қалалық политехникалық колледжі (Guangzhou City Polytechnic) ұйымдастырды. Дөңгелек үстел аясында қатысушылар кәсіби білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, кадр даярлаудағы инновациялық тәсілдерді енгізу тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ бауырлас қалалардың кәсіби білім беру саласындағы жетістіктерімен танысты.

ALT Университеті өкілдерінің бұл дөңгелек үстелге қатысуы халықаралық әріптестікті кеңейту және жаһандық білім беру кеңістігіне интеграцияланудағы маңызды қадам болды.

Skip to content
Приемная комиссия