Ағымдағы жылдың 27-і күні ALT университетінде Алматы қаласы Алмалы ауданының прокурорымен студент жастарға арналған «Заң және тәртіп» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарауды насихаттау және азаматтық жауапкершілікті арттыру болды. Кездесу барысында прокурор құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөліне тоқталып, заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы маңызды ақпарат алды.
Аталған кездесу Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 16-бағыты — «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында өтті. Бұл бағыт қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге, әділеттілік пен ашықтықты нығайтуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Кездесу студенттердің құқықтық санасын дамытуға, заңға деген сенімін күшейтуге және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға зор ықпал етті. Осындай тағылымды кездесулер болашақ мамандардың саналы, жауапты әрі әділетті қоғам құруға үлес қосуына мүмкіндік береді.
ALT университеті жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да жалғастырады.


