Select Page

ALT University кәсіби бағдар беру қызметі аясында «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктері, оқуға түсу шарттары және кәсіби әрі академиялық дамудың перспективалары туралы ақпарат беру.

Кездесу барысында ALT University өкілдері магистратура мен докторантураға түсу ережелері мен тәртібі, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу мерзімі және талапкерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, заңнамада көзделген жағдайларда кешенді тестілеусіз (КТ) оқуға түсу мүмкіндіктеріне және қабылдаудың өзекті шарттарына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, білім беру үдерісі, білім беру бағытын таңдау және одан әрі оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.

Мұндай кездесулер университет пен түрлі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ мамандардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.

ALT University серіктестік байланыстарды дамытуды, кәсіби бағдар беру жұмысын кеңейтуді және мамандарға үздіксіз білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беруді жалғастыруда.

ТДМ 4 — Сапалы білім. Сапалы білім алуға және өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

Автор: Нышанбекова Қ. Қ.

Skip to content
Приемная комиссия