Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University Азияның жетекші университеттері арасында 761–770 орынды иеленіп, QS World University Rankings: Asia 2027 халықаралық рейтингінде айтарлықтай өсім көрсетті.
Өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда университет 1001–1100 топтан 761–770 топқа өтіп, өз позициясын 240-тан астам сатыға жақсартты. Рейтингте ALT University озып кеткен азиялық университеттердің үлесі 28,4%-дан 55,4%-ға дейін артты.
Өңірлік QS Asia University Rankings: Central Asia 2027 рейтингінде ALT University 50-орынды иеленіп, Орталық Азияның білім беру кеңістігіндегі өзінің позициясын нығайтқанын дәлелдеді.
Университет әсіресе академикалық ұтқырлық көрсеткіштері бойынша өте жоғары нәтижелер көрсетті:
-
Шығыс академикалық ұтқырлық — Азияда 209-орын (115 сатыға өсім);
-
Кіріс академикалық ұтқырлық — 323-орын (162 сатыға өсім);
-
PhD дәрежесі бар оқытушылардың үлесі — 373-орын;
-
«PhD дәрежесі бар оқытушылардың үлесі» көрсеткіші бойынша нәтиже 100-ден 84,8 баллды құрады;
-
Шығыс академикалық ұтқырлық бойынша нәтиже 100-ден 80,6 баллды құрады.
ALT University-дің жалпы нәтижесі 23,9 баллды құрады. Бұл оң динамика университеттің білім беру сапасын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академикалық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту және академикалық беделді нығайту бойынша жүйелі жұмысын айшықтайды.
ALT University бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға және халықаралық рейтингтерде университетті одан әрі жылжытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.
ALT University ұжымын, оқытушыларын, қызметкерлерін, студенттері мен серіктестерін осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз!


