Көліктегі қауіпсіздік бойынша VII Евразиялық форум аясында ALT University қызметкерлерін көлік саласын дамытуға, мамандарды кәсіби даярлауға қосқан үлесі және көпжылдық жемісті еңбегі үшін марапаттау рәсімі өтті.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамының өкілдері мен құрылымдық бөлімше басшылары беделді салалық марапаттарға ие болды.
«Достық» медалімен марапатталғандар:
-
Жармағамбетова Меруерт Советқызы — Басқарма төрағасы – Ректор;
-
Абдрешов Шамиль Асқарұлы — Академиялық қызмет жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі;
-
Иванов Андрей Александрович — Корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі;
-
Сүлеева Нұргүл Зинабдинқызы — Инженерия мектебінің директоры;
-
Қанғожин Бекмұхамбет Рашитұлы — Энергетика департаментінің профессоры;
-
Қарсыбаев Ержан Ертайұлы — Логистика және бизнес департаментінің профессоры;
-
Бақыт Ғабит Бақытұлы — Жылжымалы құрам департаментінің профессоры;
-
Егзекова Анар Тілеулесқызы — Энергетика департаментінің қауымдастырылған профессоры;
-
Сүлейменова Гүлфариза Абатбекқызы — Автоматтандыру және басқару департаментінің қауымдастырылған профессоры.
Марапаттарды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Төрегелдин Мұрат Маратұлы табыстады.
«Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталғандар:
-
Төлемісов Темірғали Жетешұлы — Көлік және құрылыс департаментінің қауымдастырылған профессоры;
-
Молғаждаров Амангелді Сабдиевич — ALT Логистика және бизнес департаментінің қауымдастырылған профессоры.
Марапаттарды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Корпоративтік омбудсмені Артықбаев Ерғанат Мұхаммедғалиұлы табыстады.
«Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталғандар:
-
Тойлыбаев Асылбек Ермаханұлы — Автомобиль инженериясы және қауіпсіздік департаментінің басшысы;
-
Қозбағаров Рүстем Әшімұлы — Автомобиль инженериясы және қауіпсіздік департаментінің қауымдастырылған профессоры.
Марапаттарды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Жұмақұлов Дастан Рахымжанұлы табыстады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
-
Тойғожинова Айнұр Жұмақанқызы — Технологиялар мектебінің директоры;
-
Мұстапаев Қолдасбай Сабырұлы — қауымдастырылған профессор;
-
Вахитова Лилия Владимировна — қауымдастырылған профессор;
-
Спабекова Маржан Жүсіпқызы — сениор-лектор;
-
Баянбаева Шынар Сейітбекқызы — сениор-лектор;
-
Төреқұл Айдана Қайратқызы — Технологиялар мектебі директорының орынбасары.
Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ базасында өндірістік практикадан өткен инженерлік-геодезиялық отрядқа жетекшілік еткен қызметкерлер де атап өтілді:
-
Сүлейменов Исабек Тасполатұлы — сениор-лектор;
-
Асылов Ғалымжан Бауыржанұлы — ассистент-оқытушы;
-
Молыш Динагүл Қайратқызы — стажер-оқытушы;
-
Молдағанапова Айгүл Ғалымбекқызы — сениор-лектор;
-
Тұрғанбай Тілекберген Талғатұлы — эдвайзер-куратор;
-
Дариябаева Дильбар Нұрғалиқызы — эдвайзер-куратор;
-
Ақтаев Бекзат Маратұлы — эдвайзер-куратор.
Марапаттау ALT University қызметкерлерінің көліктік білім беру мен саланы дамытуға қосқан кәсіби үлесін танудың және олардың көпжылдық еңбегі мен адалдығының нәтижесі болды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және Қазақстанның көлік саласын дамыту жолында одан әрі кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер тілейміз!
Автор: Алия Ерлан


