Select Page

2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған және ЮНЕСКО-ның «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» тақырыбына арналған Қазақстан жас ғалымдарының II Халықаралық конгресі өтті.

Конгрессінің пленарлық отырысы «Ғылым ордасы» кешенінде, ал секциялық мәжілістер мен мастер-класстар қаланың бес жетекші университетінің алаңдарында өтті.

ALT University қызметкерлері Конгресс жұмысына белсенді түрде қатысып, ғылыми зерттеулер нәтижелерін ұсынып, ғылым мен технологиялардың өзекті даму үрдістерін талқылады.

Іс-шараға 1000-нан астам жас зерттеуші, 24 елден келген 80-нен астам шетелдік ғалым, сондай-ақ ғылыми диаспора өкілдері, академиктер, депутаттар және ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

ALT University-дің мұндай ауқымды форумға қатысуы университеттің Қазақстан ғылымын дамытуға және халықаралық ғылыми диалогты қолдауға қосып жатқан маңызды үлесін көрсетті.

Skip to content
Приемная комиссия