Select Page

ALT University өкілдері ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімжі қаласында 15–16 қыркүйекте өткен ШҰО 2026 Цифрлық экономика форумына қатысты. Халықаралық алаң ШҰО елдерінің цифрлық трансформациясы мен цифрлық экономикасын дамытудың басты мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының өкілдерін, сарапшылар мен мамандарды біріктірді.

Форум жұмысына ALT University Басқарма Төрағасы — Ректоры Меруерт Советқызы Жармағамбетова мен корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Андрей Александрович Иванов қатысты.

ШҰО Цифрлық экономика форумы цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды мәнге ие. Қарқынды цифрлық трансформация жағдайында дал цифрлық инфрақұрылымды дамыту, білікті кадрларды даярлау, интеллектуалды технологияларды енгізу және кәсіби тәжірибе алмасу мемлекеттер мен ұйымдардың өзара іс-қимылының маңызды бағыттарына айналуда.

Форум бағдарламасында цифрлық басқару, адам капиталын дамыту және цифрлық экономикаға қажетті құзыреттерді қалыптастыру мәселелеріне арналған «ШҰО цифрлық басқару және әлеуетті арттыру форумы» панельдік сессиясы ерекше орын алды.

Меруерт Советқызы Жармағамбетова панельдік сессияның спикері ретінде сөз сөйледі. Талқылау барысында жаңа буын мамандарын даярлау, цифрлық құзыреттерді дамыту және технологиялық өзгерістер жағдайында білім беру ұйымдарының әлеуетін арттыру мәселелері қозғалды.

Университет қауымдастығы үшін мұндай пікірталастардың маңызы ерекше, өйткені цифрлық экономика білім беру бағдарламаларының мазмұнына, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптарға және болашақ мамандарды даярлау тәсілдеріне тікелей әсер етеді.

Университет үшін мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық өзара іс-қимыл тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге заманауи үрдістерді зерттеу, тәжірибе алмасу және жаңа кәсіби байланыстар орнату мүмкіндігі ретінде де маңызды.

Цифрлық технологиялар кәсіби қызметтің ажырамас бөлігіне айналып отырған көлік-логистика саласы, өнеркәсіп және басқа да салалар үшін мамандар даярлауды ескере отырып, цифрлық күн тәртібі ALT University үшін ерекше өзекті болып табылады.

Форум аясында ШҰО елдерінің цифрлық өзара байланысы, цифрлық сауда және көлік дәліздерінің экономикасы, өнеркәсіпте цифрлық және интеллектуалды технологияларды қолдану, сондай-ақ цифрлық басқару және әлеуетті дамыту мәселелері де талқыланды.

ALT University басшылығы мен өкілдерінің ШҰО 2026 Цифрлық экономика форумына қатысуы университеттің халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білім беруді цифрландыруға және заманауи технологиялық экономика жағдайында жұмыс істей алатын мамандарды даярлауға деген мүдделілігін айшықтайды.

Автор: Алия Ерлан

Skip to content
Приемная комиссия