Select Page

Тұрақты даму мақсатының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытын іске асыру аясында ALT University студенттері мен қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттауға, дене белсенділігін арттыруға және спорттық мәдениетті дамытуға бағытталған ALMATY MARATHON 2026 халықаралық марафонына қатысты.

95 жылдық мерейтой қарсаңында — жаңа белестерге бірге!

27 қыркүйек күні университеттің студенттері мен қызметкерлері халықаралық марафонға қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын, жоғары белсенділіктерін және командалық рухтарын танытты.

Марафон — тек мәреге бірінші болып жету емес. Бұл — өзіңмен жарысу, әр қадам сайын өз мүмкіндігіңді кеңейту, қиындықтарға қарамастан алға ұмтылу. Әрбір шақырым — табандылықтың, әрбір қадам — жігердің, ал мәреге жету — өзіңе деген сенімнің жеңісі.

ALT University-дің 95 жылдық тарихы — талай буынның еңбегі, ізденісі мен талпынысының нәтижесі. Бүгінгі жастардың әрбір жаңа қадамы — осы тарихтың жалғасы, ал әрбір жетістігі — университеттің болашаққа бастар жолындағы жаңа белес.

Спорт — денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар бірлік пен өзара қолдаудың маңызды құндылығы. Осындай ауқымды іс-шараларға қатысу арқылы университет жастары белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсетіп, командалық рухты нығайта түсуде.

95 жыл — тарих, болашаққа бастар жол!
Бірге жүгірдік. Бірге рухтандық. Бірге жаңа белестерге қадам бастық!

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия