Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ұйымдастырылған «Оқитын ұлт» кітап оқу чемпионатына Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінің Студенттік үкіметінің мүшесі, 1-курс студенті Толғанай Келесбай қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке сүйіспеншілігін ояту және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Толғанай Келесбайдың байқауға қатысуы оның білімге құштарлығын, кітап оқуға деген ынтасын және рухани дамуға ұмтылысын көрсетті. Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын байытатын, таным көкжиегін арттыратын маңызды құрал. Осындай іс-шаралар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, әдеби мұраға құрметпен қарауына ықпал етеді.
Чемпионатқа қатысқаны үшін Толғанай Келесбайға жоба жетекшісі Е. С. Танырбергеновтің атынан алғыс хат табысталды. Ұйымдастырушылар студентке шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.
«Оқитын ұлт» бастамасы – кітап оқуды насихаттауға, білімді әрі рухани бай ұрпақ қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жастардың осындай байқауларға белсенді қатысуы қоғамда оқу мәдениетін дамытуға және кітапқа деген қызығушылықты арттыруға үлес қосады.
Кітап оқу – рухани кемелденудің және білімді ұрпақ қалыптастырудың маңызды негізі.
Автор: Қадырбек Айзада


