Университетіміздің КГ-25-4к тобының студенті Сырымұлы Сункарды қоян-қолтық ұрыстан Алматы қаласының чемпионатында III орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік — табандылықтың, жоғары спорттық дайындықтың, тәртіп пен жеңіске деген жігердің айқын көрінісі. Сырымұлы Сункар қалалық деңгейде университетіміздің намысын абыроймен қорғап, шынайы жауынгерлік рух пен шеберлігін көрсете білді.
Алдағы уақытта да спортта және оқу жолында жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!


