Select Page

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған жобаның «Медиа» бағыты бойынша ALT University-дің 4-курс студенті Пилтан Рейхане Азизқызы жеңімпаз атанып, 1 000 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы – жас ұрпақтың әлеуетін арттыруға, олардың бастамалары мен инновациялық идеяларын қолдауға, сондай-ақ қоғамның дамуына бағытталған маңызды жобалардың бірі. Байқау аясында қатысушылар ғылым, мәдениет, волонтерлік, IT, бизнес және медиа бағыттары бойынша өз жобаларын ұсынып, үздіктер анықталды.

Бұл бастама жастардың әлеуетін ашуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға және елдің қоғамдық-мәдени дамуына үлес қосуына жол ашады.

Skip to content
Приемная комиссия