Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінің Құқықтық тәртіп сақтау жасағының командирі Абдигалымов Алихан Галымович «Үздік студент» атты республикалық байқауында үздік деп танылды.
Қазылар алқасы Алиханның жұмысын жоғары бағалап, оның жастар саясатының дамуына қосқан үлесін, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуын және көшбасшылық қабілетін атап өтті.
Ол университет қабырғасында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және жастар арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Бұл жетістік – оның белсенді азаматтық ұстанымы мен қоғамдық қызметке деген жауапкершілігінің нәтижесі.
ALT университеті Алихан Галымовичті лайықты марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да бастамаларына сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейді!
Автор: Қадырбек Айзада


