IPS-26-2r тобының студенті Мұса Нұрназаров «Үздік студент» ұлттық байқауының жеңімпазы атанды.
Байқауды «Bilim Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Тәуелсіз Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты — жастар саясатын дамытуға ықпал ету, дарынды жастарды қолдау, сондай-ақ олардың шығармашылық идеялары мен жаңа бастамаларын ілгерілету.
Жеңімпаздың ғылыми жетекшісі — Тілдік даярлық департаментінің сениор-лекторы Тоқтиманова Галия Мұхтарқызы.
Салтанатты іс-шара 2026 жылғы 31 қазанда Астана қаласында өтті.
Бұл жетістік БҰҰ-ның № 4 «Сапалы білім» Тұрақты даму мақсатына сәйкес келеді. Аталған байқау студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың академиялық жетістіктерін қолдауға және болашақ кәсіби дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Автор: Досмағанбетова Н. Б.


