15–16 қараша күндері De Montfort University базасында Data Science, архитектура және урбанистика бағыттарындағы кешенді тапсырмаларды шешуге арналған халықаралық 24 сағаттық Synapse Creathon креатоны өтті. Байқауға Қазақстан мен шетелдің түрлі жоғары оқу орындарынан командалар қатысты.
ALT University-дің УС-ПИ-25-1 тобының «BESEU» командасы 1-орынды иеленіп, Mastercard AI Data Assistant кейсі бойынша үздік шешім ұсынды. Қатысушылар 24 сағат ішінде жасанды интеллект технологияларын деректерді өңдеу және аналитикалық процестерді автоматтандыру мақсатында қолдануға арналған жобалық тұжырымдама әзірлеп, жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықтарын көрсетті.
Команда құрамы:
- Мықтыбай Нурдаулет
- Ишан Асыл
- Аскер Мақсат
- Сабитхан Бауыржан
- Мустафин Ерғали
Креатон аясында қатысушыларға Mastercard, Bayserke Agro, Temirdos Holding сияқты халықаралық және ұлттық компаниялардың практикалық кейстері ұсынылды. ALT University студенттерінің жеңісі олардың заманауи технологиялармен жұмыс істеу қабілетін және күрделі міндеттерді тиімді шеше алатындығын дәлелдеді.
Университет команда мүшелерін лайықты жеңісімен құттықтайды және ALT University атын абыроймен қорғағандары үшін алғыс білдіреді.


