Select Page

ТДМ №9 аясында ALT University-де кәсіпорын базасында кешенді дипломдық жұмыстарды қорғау ұйымдастырылды, бұл студенттердің қорытынды аттестаттауын нақты өндірістік жағдайларға жақындатуға мүмкіндік берді. Қорғау жұмысына Мусапирова Г.Д., Юсупова Г.М., Мамилов Б.Е. және Алметова Е.М. қатысты. Өндіріс орнында дипломдық жұмыстарды қорғау білім беру үдерісін саланың қажеттіліктерімен ұштастырып, түлектердің практикалық құзыреттерін объективті бағалауға және университет пен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Ұсынылған жобалар заманауи инженерлік және цифрлық технологияларды қолдана отырып, өндірістегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. Мұндай тәжірибе студенттердің инновациялық әлеуетін дамытуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және ғылым, білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Автор: Смаилова Д. А.

Skip to content
Приемная комиссия