Тұрақты даму мақсатының №15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағытын іске асыру аясында ALT University-дің 1-курс студенттері үшін Есік көліне тимбилдинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, жаңа таныстықтар орнату, командалық рухты қалыптастыру және табиғат аясында белсенді демалыс мәдениетін дамыту.
Сапар барысында студенттер бірге уақыт өткізіп, Есік көлінің көркем табиғатын тамашалады. Сонымен қатар табиғи аумақтарды қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара «Таза Қазақстан» бастамасының құндылықтарымен үндесіп, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталды.
Табиғатпен үндескен әрбір іс — қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және экологиялық сананы қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.
Автор: Қадырбек Айзада


