Select Page

Тұрақты даму мақсатының №4 «Сапалы білім беру» бағытын іске асыру аясында ALT University студенттері жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға және білімге деген қызығушылығын дамытуға бағытталған «IQ ALA jastary» интеллектуалдық ойынына қатысты.

16 қыркүйек күні Satbayev University ғимаратында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Бізбен бірге» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «IQ ALA jastary» интеллектуалдық ойыны өтті.

Алматы қаласының күніне орай ұйымдастырылған іс-шара жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, зияткерлік әлеуетін арттыруға және командалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.

Интеллектуалдық сайысқа ALT University-дің 1-курс студенттері белсенді қатысып, өз білімдерін сынап, логикалық ойлау, шапшаңдық пен тапқырлық қабілеттерін көрсетті.

Ойын барысында қатысушылар түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, командалық жұмыс арқылы өзара тәжірибе алмасты. Сайыс жастар арасында білім алудың, үздіксіз ізденістің және зияткерлік дамудың маңыздылығын насихаттауға мүмкіндік берді.

Белсенділік танытып, «IQ ALA jastary» интеллектуалдық ойынына қатысқан студенттерге алғыс хаттар табысталды.

ALT University жастардың жан-жақты дамуына, олардың білімін, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жетілдіруге бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия