ALT UNIVERSITY Жастар саясаты басқармасының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қолдауымен «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорынан алғыс хат алды.
Алғыс хат университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, жастардың құқықтық санасын көтеруге және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін берілді.
ALT UNIVERSITY алдағы уақытта да академиялық және тәрбие жұмысының барлық бағыттарында адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайтып, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен әріптестікті жалғастырады.


