Select Page

2026 жылғы 16 қазанда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ALT University ұйымдастыруымен «Студенттерді қабылдау кеші – 2026» — THE GRAND VOYAGE 2026 атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты кеш ALT University Директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Бейбітұлының құттықтау сөзімен ашылды. Ол студенттерге ізгі тілегін білдіріп, білім жолында табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Кеш барысында ҰБТ нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған студентке ID-карта табысталып, университеттің серіктес білім беру орталықтарының өкілдеріне алғыс хаттар берілді.

Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігі студенттік командалар арасындағы шығармашылық сайыс болды. Сайысқа

  • «Королевский флот»,
  • «Летучий голландец»,
  • «Морская ведьма»
  • «Чёрная жемчужина»

командалары қатысып, өздерінің креативтілігін, өнерін және командалық рухын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша «Морская ведьма» командасы Гран-при иегері атанды!

Кештің ерекше сәттерінің бірі — бірінші курс студенттерінің салтанатты ант қабылдауы болды. Бұл рәсім олардың ALT University студенттері қатарына қосылып, жаңа өмір кезеңіне қадам басқанын білдірді.

Концерттік бағдарламада ZERO X би тобы, Біржан Демеуұлы, Думан Нариман, Әділет Әбдікәлім, КешYOU тобы және Қайрат Нұртас өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Мерекелік кеш DJ-сетпен жалғасты.

THE GRAND VOYAGE 2026 — жаңа достықтың, үлкен армандардың және жарқын жетістіктердің бастауы!
Қош келдіңдер, ALT студенттері! Студенттік өмірлерің қызықты оқиғаларға, жаңа мүмкіндіктерге және толағай табыстарға толы болсын!

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия