Select Page

ALT University студенттері өткен жылғы түлек Максат Тенліковпен кездесті. Ол өзінің кәсіби қалыптасу жолы мен мансаптағы алғашқы қадамдары туралы әңгімеледі.

Университетті тәмамдағаннан кейін Максат еңбек жолын Astana Motors компаниясында тағылымгер ретінде бастады. Өзінің жауапкершілігі, еңбекқорлығы және кәсіби дамуға деген ұмтылысының арқасында ол тағылымдамадан сәтті өтіп, бүгінде инженер қызметін атқаруда.

Кездесу барысында Максат студент кезінен-ақ болашақ мамандығын саналы түрде таңдағанын және автомобиль саласының жоғары білікті маманы болуды мақсат еткенін айтты. Оның пікірінше, табысқа жетудің маңызды шарттарының бірі – мансапты бастапқы деңгейден бастап, тәжірибе жинақтап, кәсіби дағдыларды үздіксіз жетілдіру.

Максат өз мамандығы бойынша тағылымгер немесе кіші маман қызметінен бастаудан қорықпау керектігін атап өтті. Дәл осы жол оған құнды тәжірибе жинауға, саланың ерекшеліктерін терең түсінуге және кәсіби мақсатына сенімді түрде қадам басуға мүмкіндік берген.

Студенттер жас маманның әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдап, жұмысқа орналасу, алғашқы жұмыс орнындағы бейімделу, мансаптық өсу мүмкіндіктері және жұмыс берушілердің талаптары туралы сұрақтар қойды. Жақында ғана өздері сияқты студент болған түлекпен тікелей пікір алмасу олар үшін ерекше әсер қалдырды.

Бұл кездесу арманға адалдықтың, табандылықтың және таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншіліктің кәсіби жетістікке жетелейтінін көрсетті. Максат Тенліковтің өмір жолы студенттерге жаңа білім алуға, кәсіби тұрғыдан дамуға және болашақ мансабына сеніммен қадам басуға шабыт берді.

Автор: Бимагамбетова Л. Н.

Skip to content
Приемная комиссия