ALT University-де университет басшылығы мен Huawei компаниясының делегациясы арасында кездесу өтті. Делегация құрамына:
- Гун Яньцюн – серіктестік желіні дамыту және коммерциялық қызмет жөніндегі директор;
- Сун Ясю – бас директор;
- Цуй Сяолэй – техникалық директор;
- Серік Шалмағамбетов – серіктестермен жұмыс жөніндегі менеджер кірді.
Кездесу барысында тараптар білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Заманауи еңбек нарығының талаптарына және сұранысқа ие цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған бірлескен индустриялық білім беру бағдарламасын әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қатысушылар Huawei сарапшыларын білім беру үдерісіне тарту, озық технологиялық шешімдерді енгізу, студенттердің практикалық даярлығын ұйымдастыру және бірлескен білім беру жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға және бірлескен бастамаларды одан әрі пысықтауға мүдделілік білдірді.
Автор: Абдикаликова Л. Б.


