Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University QAZAQ INVESTMENT COMPANY компаниясымен меморандумға қол қойды. Бұл компания Қазақстандағы жеке компьютерлер мен IT шешімдерін өндіруде көшбасшы болып табылады. Аталған серіктестік цифрлық болашақтың талаптарына жауап бере алатын мамандарды дайындауда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ынтымақтастық аясында келесі бастамалар жүзеге асырылады:
- Инновациялық IT-зертхана құру. Бұл – студенттер компанияның шынайы технологияларын қолданып, практикалық тапсырмаларды шешетін оқыту алаңы.
- Өндірістік практикаларды ұйымдастыру. Болашақ мамандар IT өнімдерін жасаудың барлық кезеңдерін – әзірлеуден бастап іске асыруға дейінгі тәжірибені меңгереді.
- Дуалды оқытуды енгізу. ALT University студенттері өз білімдерін практикада қолданып, кәсіби мамандармен бірге жұмыс істейді.
- Оқу бағдарламаларын IT индустриясының қажеттіліктеріне бейімдеу. Университет пен компанияның бірлескен жұмысы түлектерді тез өзгеріп жатқан технологиялық әлемде жұмыс істеуге дайындайды.
QAZAQ INVESTMENT COMPANY компаниясымен ынтымақтастық сұранысқа ие IT мамандарын дайындауда мықты негіз болады, студенттердің оқып жатқан кезден-ақ мансаптық өсуіне жағдай жасайды.