30 қазан 2025 жылы ALT университетінде көңілді де тапқыр жандардың мерекесіне айналған ALT Жайдарман ойындарының жартылай финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті!
Жеті команда әзіл мен ойдың, тапқырлық пен таланттың жарысын көрсетті:
Тастақ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Саяхат – Q University
Гарвард – Қазақ спорт және туризм академиясы
АКТ – ALT және Тұран университеттерінің біріккен командасы
Шевченко 97, Төрт төстік, ҚыздарMan – ALT университетінің мақтаныштары
Ойын «Сәлемдесу» сайысы форматында өтіп, әр команда өзіне тән ерекшелігімен, тапқыр әзілдерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Қазылар алқасы құрамында:
Орынбек Молдахан – «Асыл қазына» қоғамдық қорының төрағасы, Алатау ауданы Комьюнити орталығының басшысы
Айдын Мұңайтбасов – ұйымдастырушы, АТУ Жайдарман ойындарының жетекшісі
Айым Бақытжанқызы – Жайдарман түлегі, спортшы, актриса
Ахатай Ырысбек – ALT университеті Жастар саясаты кеңсесінің жетекшісі
Тартысты дода қорытындысы бойынша бес команда финалдық кезеңге жолдама алды!
Әзіл мен рух, достық пен жігер тоғысқан бұл кеш – студенттік өмірдің жарқын беттерінің бірі болды!
Көрермен көңілін көтеріп қана қоймай, жас таланттардың жаңа толқынын танытқан ерекше шара ретінде есте қалды.
ALT Жайдарман – көңіл мен креативтің сахнасы! Келесі кезеңде финалистерге сәттілік тілейміз!


