2026 жылғы 12–13 қазан күндері Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында «Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасының салтанатты ашылу рәсімі, «Жас көшбасшылар форумы» және «Жас кәсіпкерлер форумы» өтті.
Аталған халықаралық іс-шараға Қазақстан делегациясының құрамында ALT Университетінің Құрылыс инженериясы мектебінің 4-курс студенті Сабина Ембергенова қатысты.
Форум түркі мемлекеттерінің белсенді жастарын бір алаңға біріктіріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ортақ бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді.
Форум аясында Сабина Ембергенова «Жастар арасындағы радикалданудың алдын алу» (Preventing Radicalization Among Young People) тақырыбында сөз сөйлеп, жастардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру, білім беру және халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
ALT Университетінің студенттерінің халықаралық деңгейдегі белсенділігі – жастар көшбасшылығын дамыту мен университетіміздің беделін арттыру жолындағы маңызды қадам!
Автор: Қадырбек Айзада


