Select Page

95-P легінің студенттері «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Садыхан Дана Тастанбекқызымен бірге 2026 жылғы 26 сәуірде Үлкен Алматы көліне (БАО) танымдық-экологиялық серуен ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер табиғатты қорғау мәдениетін насихаттап, командалық рухты нығайтты және өңірдің ерекше табиғи мұрасымен танысты. Сапар салауатты өмір салтын қолдауға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты — «Сапалы денсаулық және әл-ауқат» және 15-мақсаты — «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыттарына сәйкес келеді.

Skip to content
Приемная комиссия