2026 жылғы 16 қарашада ALTeam командасы Астана қаласына барып, М. Тынышпаев атындағы ALT көлік колледжінің бітіруші курс студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу аясында ALT University өкілдері болашақ талапкерлерді университеттің білім беру мүмкіндіктерімен, даярлау бағыттарымен, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларымен және университетте білім алудың артықшылықтарымен таныстырды.
Ерекше назар оқуға түсу шарттары мен ережелеріне, қабылдау науқанының кезеңдеріне, қажетті құжаттарға, өтініш беру мерзімдеріне, сондай-ақ колледжді аяқтағаннан кейін қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндіктеріне аударылды.
Сонымен қатар студенттерге заманауи оқу форматтары, дуалды білім беру мүмкіндіктері, оқуды жұмыспен қатар алып жүру, сондай-ақ жоғары білім алғаннан кейінгі кәсіби даму және жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, сұранысқа ие мамандықтар туралы толығырақ ақпаратпен танысты. Сондай-ақ білім беру бағдарламасын таңдау және ALT University-ге оқуға түсу мәселелері бойынша жеке кеңестер алды.
Мұндай кездесулер жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, колледждермен ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді.
Іс-шара 4-Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім» және 8-Тұрақты даму мақсаты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсаттарын іске асыруға бағытталған. Бұл жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және заманауи еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.
Автор: Нышанбекова Қ. Қ.


