Жоғарғы оқу орны кітапханаларының қызметкерлерін Кітапханалық Технологиялар Мектебі-2021 (КТМ) атты біліктілікті арттыруға арналған жыл сайынғы іс-шара аясында өтетін Ақпараттық-кітапханалық ресурстар орталығының қызметкерлері онлайн-семинарға қатысадыды:
7-8 желтоқсан, 2021 – «Ақпаратты ұйымдастырудың халықаралық заманауи қағидалары мен стандарттарын енгізу тәжірибесі. Деректерді басқару»
КТМ — Кітапханалық технологиялар мектебі — бұл НУ бастамашы кітапханашылар тобы ұйымдастырған тренинг центр, мақсаты — ҚР ЖОО кітапханаларының басқарушылары мен мамандарының лидерлік және кәсіби құзыреттерін дамыту және шыңдау, жаңа идеялар ойлап табуға ынталандыру, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің заманауи, инновациялық технологиялары мен түрлерін енгізу.
2012 жылдан бері НУ Кітапханасы ҚР ЖОО кітапханаларының Бірлестігімен бірге әртүрлі форматтағы кәсіби іс-шараларды өткізе отырып, заманауи ақпараттық технологиялар және кітапханалық іс саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесімен бөліседі.
– «Біз кітапхананы басқару, электрондық ғылыми және білім беру ресурстарын басқару, жаңа кітапхана қызметтерін енгізу, репозиторий жасау және оны дамыту салаларындағы тәжірибемізбен бөлісеміз».