Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында 2024 жылдың 28 қарашасында №4 Студенттер үйінде дәріс өткізілді. Кездесуге «Сұңқар» жастар денсаулық орталығының мамандары шақырылды. Жалпы тәжірибелік дәрігер Радмила Радиславовна Ниязова адамның иммун тапшылығы вирусы және АИТВ-инфекциясының таралу салдары туралы дәріс оқыса, уролог Рахышев Диас Әуесханұлы қорғану әдістеріне тоқталды. Сондай-ақ студенттерге нәтижені анықтау үшін тест тапсыру жұмыстары нақты көрсетілді.