22 қазан 2025 ж. М.Тынышпаев атындағы ALT универсиетінің «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.Н.Досжанованың ұйымдастыруымен кафедра профессор-оқытушылар құрамы, Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Жұмекен жырлары – ғасыр үні …» атты әдеби-танымдық кеші болып өтті. Іс-шарада «Language Education» кафедрасы меңгерушісі Смаилова Ф.И. кіріспе сөз алып, іс-шара әдеби-музыкалық монтажға жалғасты. Мақал-мәтелдер, көркем сөз оқылып, домбырамен күй орындалып, кеш өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі — биік, Туымыздың тұғыры — берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!


