Select Page

2026 жылғы 13 қазанда университеттің әскери кафедрасының ұжымы отставкадағы полковник Сергей Петрович Черновол құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Ол Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әскери кафедрасында отыз жылдан астам уақыт қызмет атқарып, соңғы 2,5 жыл бойы ALT UNIVERSITY-де еңбек етті.

Басқарма төрағасы – Ректор М.С. Жармагамбетованың атынан Сергей Петровичке арналған алғыс хатты әскери кафедраның бастығы, отставкадағы полковник Е.Х. Ишанов табыстады.

Алғыс хатта Сергей Петровичке көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жемісті қызметі үшін шынайы ризашылық білдірілген. Сондай-ақ отставкадағы полковник Сергей Петрович Черновол Отан қорғаушылардың болашақ буынын даярлауға қосқан үлесі, өз ісіне деген жауапкершілігі мен таңдаған жолына адалдығы ерекше атап өтілген.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының № 3 — «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаты аясында да өткізілді.

Әскери кафедра ұжымы атынан Сергей Петровичке зор денсаулық, амандық, жан жылуын, сарқылмас күш-қуат пен қуаныш тілейміз!

Автор: Макимов Е. Г.

Skip to content
Приемная комиссия