Select Page

2025 жылдың 24 қарашасында «Жалпы инженерия» кафедрасының ALT қауымдастырылған профессоры К.К. Нурахметова «Құрылыс физикасы» пәні бойынша «Ашық онлайн курсын құрудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара білім беру саласындағы оқытушылар мен мамандардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, «Құрылыс физикасы» пәні бойынша сапалы онлайн курс әзірлеудің әдістемесін талқылау және тәжірибе алмасу.

Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

  • Онлайн курстың мазмұн құрылымы мен модульдік жүйесі;
  • Интерактивті оқыту құралдарын қолдану;
  • Видео дәрістер мен визуалды материалдарды тиімді пайдалану;
  • Білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі;
  • Ашық онлайн платформалармен жұмыс істеу тәжірибесі.

Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық онлайн курстарды құруда кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.

Skip to content
Приемная комиссия