Select Page

17.03.2025 жылы психолог Қабыкен Дина Кәкімбекқызы ТОО «Nurlab medical clinic №1» және көлік және құрылыс институтының студенттерімен «Ата-аналармен қақтығыстарды шешу тәсілдері» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл тақырып студенттер үшін өте маңызды және пайдалы, өйткені олардың көпшілігі ересек болу және жеке тәуелсіздікті қалыптастыру кезеңінде ата-аналармен көзқарастар мен әдістердегі айырмашылықтарға тап болады. Мұндай тренингте студенттерге қақтығыстармен тиімді күресуді және ата-аналармен қарым-қатынасты жақсартуды үйрету үшін әртүрлі әдістер мен техникаларды қолдануға болады.

Ата-аналармен қақтығыстардың түрлері қарастырылды:

  • Мамандық немесе оқуды таңдау мәселесі бойынша жанжалдар;
  • Тәуелсіздік пен еркіндік мәселесі бойынша қақтығыстар;
  • Дүниетаным көзқарас пен құндылықтардағы қайшылықтар;
  • Эмоционалдық қашықтық немесе түсінбеушілік.

Сонымен қатар, қақтығыстарды шешу әдістері талқыланды:

  • Белсенді тыңдау;
  • Мен-хабарлама;
  • Парафразалау;
  • Эмпатия;
  • Компромисс табу.
Приемная комиссия