9.12.2021 жылы Академиялық мәселелері проректоры «Атамекен» ҰКП Алмалы аудандық филиалы директорының міндетін атқарушы Темірлан Мәдиевпен кездесу өткізді. Кездесудің инциаторы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов болды. Кездесудің мақсаты ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды. Кездесуге АССД директоры Алимсеитова Ж.К., институт директорлары Тойгожинова А. Ж., Калтаев А. К. және директордың орынбасары Турсунбаева Г. У., сонымен қатар кафедра меңгерушілері қатысты. Кездесуде дәрістер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу, біліктілікті арттыру, ПОҚ қаржыландырылатын жобаларға қатысуы, ББ рейтингісіне қатысуы және т.б. мәселелер талқыланды.