2026 жылғы 11 ақпанда ALT Университетінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің ШЖҚ РМК – Ядролық физика институты жанындағы ҒзРК ҚСР-К бас инженерінің орынбасары А.К.Бекбаевтың жұмыс сапары өтті.
Кездесу барысында атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективалары, кадрлар даярлау мәселелері, сондай-ақ университеттің ғылыми-зерттеу жобаларына және Қазақстанда атом электр станциясын салуға байланысты алдағы жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарына ерекше назар аударылды:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу – студенттер мен жас мамандарды атом саласында жұмыс істеуге даярлау, арнайы курстар мен практикалық модульдерді енгізу;
- Тағылымдамалар мен тәжірибе – студенттердің Ядролық физика институты базасында тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру.
Бекбаев А.К. университетпен стратегиялық серіктестіктің елдегі атом саласының қауіпсіз әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрларды даярлаудағы маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша университет Ядролық физика институтымен белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін растады және атом саласындағы болашақ жобалар үшін мықты ғылыми-білім беру платформасын қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.


